• Дата публикации: 04/07/2019 - 15:38
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасы Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтылуларға сәйкес, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне елді мекен шегінде жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) қатысты (мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу, жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу) және аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті мен функциялары берілді.

    Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 387-V ҚРЗ Заңы;

    Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VІ ҚРЗ Заңы.

    Осыған орай, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен «Қызылорда облысында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласында есептілік пен мониторингті жүргізу үшін «ZemControl» электрондық платформасын енгізу» жобасы әзірленіп, Облыстық жобалық кеңеске ұсынылды. Аталған жоба Облыстық жобалық кеңесте қолдау тауып, 31 қазан 2018 жылғы №16 хаттамалық шешімімен мақұлданды.

    Бүгінде, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығымен «ZemControl» электрондық платформасының жүйесі әзірленді және ү.ж. 1-ші шілдесінде жоба іске қосылды.

    «ZemControl» электрондық платформасын іске қосумен өңірімізде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жөніндегі функциялардың іске асырылуына еңбек ресурсын аз пайдалана отырып, тұрақты түрде талдау жасауға және есеп жүргізуге мүмкіндік туады.

  • Дата публикации: 08/01/2019 - 12:06
    Мазмұны:
    «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу басымдығын атап көрсетілген.
    Осыған орай, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы «Азаматтық бақылау» жобасы аясында, азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді.
    Бекітілген кестеге сәйкес, Облыстық жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында қоғамдық қабылдау алаңында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың жер қатынастары саласына қатысты мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
     
  • Дата публикации: 21/06/2018 - 11:49
    Қоғамдық кеңес отырысы, Қоғамдық кеңес отырысы
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы, Қызылорда облысының қоғамдық кеңестің кезекті отырысында "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті мен функциялары аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына берілу" тақырыбы аясында баяндама жасады.

     

  • Дата публикации: 12/06/2018 - 15:41
    Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы,
    Мазмұны:

    2018 жылдың 7 маусым күні облыс әкімдігінің (сағат 11-00-де) және  Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының (сағат 16-00-де) ғимараттарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары мен департамент директоры, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасады.

    Кеңесте облыс пен аудан (қала) әкімдігі, оның түрлі саладағы құрылымдық бөлімшелері, ауылдық округ (кент) әкімдері, қоғамдық кеңес, ұйымдар, Мемлекеттік корпорация және тағы басқа да қатысушылар болады.

    Кеңес барысында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары (шекті) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері және жер заңнамасына енгізілген жер комиссиясының жұмысы, құзыреті, өкілеттігі, құрамы туралы айтылды.

    Сонымен қатар, жер қатынастары саласы аясындағы бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстары да қабылданды.

  • Дата публикации: 02/05/2018 - 21:05
    «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы , «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы
    Мазмұны:

    Облыс әкімдігімен 08.12.2017 жылы «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі алқаптары анықталғанда жергілікті және құқық қорғау органдарымен атқарылатын іс-шарасы» (Әрі қарай – Іс шара) бекітілді.

    Бекітілген іс-шараға сәйкес, облыста ү.ж. 1 маусым – 30 қазан аралығында «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтетін болады.

    Осыған орай, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, ү.ж. сәуір айының 10-13 күндері аралығында, барлық аудандарда Іс-шараның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, ішкі істер, прокуратура, жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдері (орынбасарлары) және оларға қарасты кент, ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуларымен семинар-кеңес өткізді.

    Семинар-кеңесте, есірткі өсімдігін заңсыз егудің алдын-алу мен анықтау бағытында атқарылатын шаралар пысықталып, арнайы топтар құрып, жерлерді аймақтарға бөлу арқылы аралау жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды. Сонымен бірге, елді мекендегі ішкі (оның ішінде: Жастардың ауылдан кету фактілеріне) және сыртқы миграцияға аса мән беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

  • Дата публикации: 16/08/2017 - 15:41
    Мазмұны:

    Өңірлік коммуникациялар қызметінде  облыстық жер қа­тынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармаларының ағымдағы  жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын сарапқа салған баспасөз мәслихаты өтті.

    Алдымен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы  Шахмардан Қойшыбаев хабарлама жасап, атқарған жұмыстарын тілге тиек етті. Оның айтуынша, облыстың жер қоры 24 млн гектарды құрайды екен. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде түгендеу жұмыстарының  нәтижесімен 311,2 мың гектар жердің пайдаланылмай отырғаны анықталған.  Осының 271,7 мың гектары мемлекетке қайтарылған. Биыл 300 мың гектар алқаптың топырағы зерттелуде. Негізі 2017-2021 жылдар аралығында 2,3 млн гектар жерді зерттеу үшін осы көлемдегі алқаптың топырағына геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүретін болады. Бұл жұмыстар жердің сапасы мен жай-күйін анықтау мақсатында жүретінін айтып өткен жөн.

    Жер болғаннан кейін оның пайдалану жағы тағы бар.  Облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат  Тоғызбаев осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітті.

    Жалпы, үстіміздегі жылдың 6 айында аталған басқарма  заңдылықтардың сақталуы үшін 236 бақылау шарасын жүргізген. Тексерулердің нәтижесінде 171 заң бұзушылық деректері анықталған. Орын алған құқық бұзушылықтарға қажетті шаралар, айыппұлдар салынып, ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылған.

  • Дата публикации: 14/04/2017 - 08:28
    Баспасөз құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді
    Мазмұны:

    2017 жылдың 13 сәуір күні сағат 12:00-де Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі басымдықтар» тақырыбында «Облыстық мекемелер үйінде» (Қызылорда облысының әкімдігі, І қабат),  баспасөз құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

    Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

    ҚР жер заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне беру бас жоспарда  аталған мақсаттарға қаралған бос аумақтар болған жағдайда және олар инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте кезектілік пен бөлінетін алаңдардың дайын болуы ескеріледі.

  • Дата публикации: 06/03/2017 - 11:09
    Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімінің тапсырмасының орындалуы  аясында
    Мазмұны:
    2017 жылдың 3 наурызында Өңірлік коммуникациялар қызметінде  жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімінің тапсырмасының орындалуы  аясында баспасөз мәслихаты өтті.
    Жиында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов баяндама жасады.
    Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін Қызылордада жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 800-ден аса дерегі анықталған. 
    Қызылорда облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевтың айтуынша Жол картасына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда жұмысшы топтар құрылып, топ құрамына прокуратура және мүдделі мемлекеттік орган өкілдері енгізіліп отыр. 
    - Мемлекеттік жер учаскесін немесе оның бір бөлігін заңсыз иелену  жеке тұлғаларға – 170175 теңге, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 340350 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған құрылыс ҚР ЖК-нің 164-1 бабына сәйкес бұзылатындығын ескертеміз, - дейді басқарма басшысының орынбасары. 
    Сонымен қатар брифингте жерді басқа мақсатқа пайдалану немесе мүлде пайдаланбауға қатысты қолданылатын шаралар жайлы да айтылды.

     

  • Дата публикации: 18/07/2016 - 08:43
    Жер реформасы бойынша құрылған комиссияның отырысы өтті
    Мазмұны:

    2016 жылдың 2 шілдесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов  Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-премьердің басшылығымен Сырдария ауданының Нағи Ильясов ауылында жер реформасы бойынша құрылған республикалық қоғамдық кеңестің алтыншы отырысы өтті.  Отырыста талқыланған басты тақырып ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке алу, қазақстандықтар мен шетелдіктерге жалға беру, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында орналасқан аумақтардан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру уақыты мен шарттары.

  • Дата публикации: 25/11/2015 - 10:24
    Жер қатынастары саласы бойынша атқарылған шаралар
    Мазмұны:

    2015 жылдың 23 қарашасында Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.  Мәжіліс барысында Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ. Тоғызбаев және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев Облыс әкімінің «Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын пайдалану жағдайы мен жер заңдылықтарының сақталуы туралы» мәжіліс хаттамасы тапсырмаларының орындалу барысы және жер қатынастары саласы бойынша атқарылған шаралар туралы баяндады. Басқарма басшысына Жер қойнауын пайдаланушыларға табысталған жер телімдеріне мониторинг жасап, пайдалану мерзімі аяқталған жер учаскелерін мемлекетке қайтару бағытында жұмыс жасау тапсырылды.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика