Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2017 жыл бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2017 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.

Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».

Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.

Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылы облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны 507, оның ішінде: ішінара – 58, жоспардан тыс – 205, бақылаудың өзгеде нысанында – 244. (Заңды тұлғалар – 74, жеке тұлға – 258, дара кәсіпкер – 175)

Тексерулермен барлығы 273355,8414 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 30087,1886 гектар жер учаскелерінде 390 субъекті тарапынан 439 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 351 заң бұзушылықтар жойылды (80,0 %).

Орын алған құқық бұзушылықтардың 160 факті бойынша 36695,402 мың теңге көлемінде айыппұл, 154 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылып, 29 факті бойынша заң бұзушылық жасаған субъектілер, ҚР «ӘҚБТ»К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылса, 96 фактілер бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді.

Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 222 фактілері бойынша (3-заңды тұлға, 137 жеке тұлғаларға, 82 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,338,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 121 факті бойынша 10738,042 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 14 факті бойынша 2019,41 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 8 факті бойынша 3176,6 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 12 факті бойынша 19059,6 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 141 анықталған фактілерге сәйкес салынған 32814,067 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (89,4%).

Сондай-ақ, 8 тұлғаларға (10 факті) қатысты салынған 2145,55 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 2 тұлғаға қатысты салынған 340,35 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының қаулыларымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В және 28.09.2017 жылғы №104-К қаулыларының күштері жойылған.

Сонымен қатар, 15 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 1431,847 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 14 субъектімен 1429,447 мың теңгесі өндіріліп, қалған 2,4 мың теңге залал сомасы, мәжбүрлеп өндіру үшін сот органдарына жолданды.

Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 17 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.

Нәтижесінде, 11 жер учаскесіне (көлемі 2709,9064 гектар)  қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, мемлекет меншігіне қайтарылса, 5 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,676 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 1 жер учаскесіне (көлемі 3,0 гектар)  қатысты талап-арыз, сотпен қаралуда.

Сондай-ақ Басқармамен, нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 36 тұлғаларға жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен нұсқама талаптарының орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, істі қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Қазіргі таңда, соттармен 25 фактілер бойынша 3 649,707 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынып, қалған 11 фактілерге қатысты соттармен қаралуда.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 177 тұлғалардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2017 жылдың 9 айы бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.

Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».

Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.

Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылдың 9-айында облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны 372, оның ішінде: ішінара – 46, жоспардан тыс – 120, бақылаудың өзгеде нысанында – 206. (Заңды тұлғалар – 56, жеке тұлға – 175, дара кәсіпкер – 141)

Тексерулермен барлығы 83490,2528 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 17754,99 гектар жер учаскелерінде 289 субъекті тарапынан 330 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 233 заң бұзушылықтар жойылды (70,6 %).

Орын алған құқық бұзушылықтардың 129 дерек бойынша 19507,727 мың теңге көлемінде айыппұл, 88 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 86 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалары берілді. Және 27 заң бұзушылық жасаған субъектілер ҚР «ӘҚБТ» К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды.

Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 164 фактілері бойынша (1-заңды тұлға, 111 жеке тұлғаларға, 52 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 105 факті бойынша 9206,462 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 9 факті бойынша 884,91 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 7 факті бойынша 2949,7 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 3 факті бойынша 4764,9 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 119 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 17192,002 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (88,9%).

Сондай-ақ, 7 тұлғаларға (9 дерек) қатысты салынған 2145,55 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 1 тұлғаға қатысты салынған 170,175 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 01.02.2017 жылғы № 3Ж-5/2017 қаулысымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В қаулының күші жойылған.

Сонымен қатар, 9 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 1181,616 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 8 субъектімен 1181,16 мың теңгесі өндіріліп, қалған залал сомасын төлеу мерзімдері бар.

Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 12 субъектінің пайдалануындағы 14 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.

Нәтижесінде 6 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, 8 жер учаскесі (көлемі 2465,5064 гектар) мемлекет меншігіне қайтарылса, 2 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,416 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 4 субъектілерге қатысты (көлемі 5,26 гектар), талап-арыздар сотпен қаралуда.

Сондай-ақ Басқармамен, нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 29 тұлғаларға жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен нұсқама талаптарының орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, істі қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Бұған қоса, 2016 жылы жалпы көлемі 239,4 га болатын «Рахат» және «Жалимбетов Малик» шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерілерін, мақсаты бойынша  пайдаланбауына (игермеуіне) байланысты ҚР Жер Кодексінің 92 және 94 баптарына сәйкес, Басқармамен мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызы сотпен 2017 жылы қаралып, қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 170 тұлғалардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысы әкімдігімен 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.

Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».

Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.

Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылдың 1-жартыжылдығында облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны 236, оның ішінде: ішінара – 44, жоспардан тыс – 71, бақылаудың өзгеде нысанында – 121. (Заңды тұлғалар – 42, жеке тұлға – 105, дара кәсіпкер – 89)

Тексерулермен барлығы 75162,5 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 17291,54 гектар жер учаскелерінде 224 субъекті тарапынан 260 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 205 заң бұзушылықтар жойылды (78,8 %).

Орын алған құқық бұзушылықтардың 111 дерек бойынша 17329,487 мың теңге көлемінде айыппұл, 60 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 62 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалары берілді. Және 27 заң бұзушылық жасаған субъектілер ҚР «ӘҚБТ» К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды.

Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 124 фактілері бойынша (94 жеке тұлғаларға, 30 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 93 факті бойынша 8185,417 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 6 факті бойынша 408,42 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 4 факті бойынша 2269 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 3 факті бойынша 4764,9 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 101 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 15376,802 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (88,7%).

Сондай-ақ, 5 тұлғаларға (7 дерек) қатысты салынған 1351,4 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 2 тұлғаларға (2 дерек) қатысты салынған 601,285 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімдері бар. Ал, 1 тұлғаға қатысты салынған 170,175 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 01.02.2017 жылғы № 3Ж-5/2017 қаулысымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В қаулының күші жойылған.

Сонымен қатар, 5 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 765,96 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 3 субъектімен 433,56 мың теңгесі өндіріліп, қалған залал сомасын төлеу мерзімдері бар.

Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 6 субъектінің пайдалануындағы 6 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.

Нәтижесінде 2 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, 1 жер учаскесіне (көлемі 446 гектар) мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданса, 1 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,2 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  Ал 1 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,116 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қазіргі таңда 3 жер учаскелеріне қатысты (көлемі 1,2 гектар) талап-арыздар соттың қарауында.

Сонымен бірге, Басқармамен бұрын берілген нұсқама талаптарының орындалуына жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

2017 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген тексерулер нәтижесінде  нұсқама талаптары ішінара немесе толық орындамаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жергілікті сот органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.

 Нәтижесінде, Соттар тарапынан, ҚР ӘҚБтК-нің 821-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасын және 822, 823-баптарын басшылыққа алып, осы кодекстің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, төмендегі тұлғаларға қатысты айыппұл түріндегі шараны қолдану туралы қаулылар қабылданды.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2017 жылдың I-тоқсаны бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2017 жылдың 1-тоқсанында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 80, оның ішінде: ішінара жүргізілуде -5, жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 32, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 43. (мемлекеттік мекемелер – 5, заңды тұлғалар – 11, жеке тұлға – 46, дара кәсіпкер -18)

Тексерулермен барлығы 10778,4101 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 7379,504 гектар жер учаскелерінде 59 субъекті тарапынан 60 заң бұзушылық фактілері анықталды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 42 фактісі бойынша 3828,938 мың теңге көлемінде айыппұл, 18 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 8 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай нұсқамалар берілді.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, есепті кезеңде жеке тұлғаларға қатысты 42 факті бойынша 3828,938 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылып, салынған айыппұлдардың 39 фактілері бойынша салынған айыппұлдар (3328,413 мың теңге) өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (87%). Сондай-ақ, 2 тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдардың (330,35 мың теңге) өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 1 тұлғаға қатысты салынған 170,175 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 01.02.2017 жылғы № 3Ж-5/2017 қаулысымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В қаулының күші жойылды.

Жоспардан тыс және бақылаудың өзге нысанымен жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша пайдаланбай және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 21 субъектілерге (оның ішінде әкімшілік іс өндірісін қозғамай 8 субъектілерге) анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 21 нұсқамалар берілді.

 Есепті кезенде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған 1 фактіге қатысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында  сотқа талап-арыз беріліп, сотпен қаралуда. Сондай-ақ коммерциялық мақсаттарға табысталған, бірақ өз мақсатында пайдаланбаған немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 1 субъектіге («А-Сер иК» ЖШС) қатысты (көлемі 0,116 гектар) талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, шешім күшіне енбей тұрып, субъект тарапынан апеляциялық шағым берілді. 2 субъектіге қатысты (көлемі 0,5 гектар) берілген талап-арыздар сотпен қаралуда.

Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 106 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап - арыз беру туралы Ұсыныстар берілді.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2016 жылдың IIІ-тоқсаны бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың тоғыз айында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны 170, оның ішінде ішінара жоспарлы тексерулер - 93, жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 77 (мемлекеттік мекемелер – 9, заңды тұлғалар –54, жеке тұлға –31, дара кәсіпкер-76).

Тексерулермен барлығы 211449,595 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 52383,4921 гектар жер учаскелерінде 571 субъекті тарапынан 574 заң бұзушылық фактілері анықталып, бүгінгі күні 500 заң бұзушылық жойылды (87,1 %). Орын алған құқық бұзушылықтардың 476 фактісі бойынша 43719,562 мың теңге көлемінде айыппұл, 98 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 29 субъектіге әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 38 заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді.

(Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 455 фактілері бойынша (455 жеке тұлғаларға қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136, 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды).

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 467 факті бойынша 38947,312 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 3 факті бойынша 636,3 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға («Галаз и К» ЖШС)  3 факті бойынша 954,45 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға («Қор Мұнай компаниясы» АҚ) 2 факті бойынша 2969,4 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 459 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 40829,7 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (93,4%). Сондай-ақ, 8 тұлғаларға қатысты салынған 1272,6 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 8 тұлғаларға қатысты салынған 1166,55 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар. Бір субъектіге қатысты салынған 212,1 мың теңге айыппұл, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 01.09.2016 жылғы № 4359-16-00-ЗЖ/81 қаулысы негізінде істен қысқартылды.

Сонымен қатар, 4 субъектіге, жасалған заң бұзушылығы үшін ауыл шаруашылығы жерлеріне келтірілген 75,393 мың теңге көлемінде залал есептелініп, мемлекетке өндірілді.

Сондай-ақ 2016 жылдың тоғыз айында, 2014 жылы салынған айыппұлдың 718,8 мың теңгесі (8 тұлға), 2015 жылы салынған айыппұлдың 2712,48 мың теңгесі (20 тұлға) мемлекет меншігіне өндірілді.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 1- жартыжылдығында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 89, оның ішінде жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 60, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 29. (Заңды тұлғалар – 12, жеке тұлға – 51, дара кәсіпкер -26)

Тексерулермен барлығы 57625,614 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі  49994,7481 гектар жер учаскелерінде 304 субъекті тарапынан 304 заң бұзушылық фактілері анықталып, бүгінгі күні 258 заң бұзушылық жойылды (84,8 пайыз). Орын алған құқық бұзушылықтардың 267 фактісі бойынша 22403,512 мың теңге көлемінде айыппұл,  37 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 29 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 37 нұсқамалар берілді.

 Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 264 факті бойынша 21767,212 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 2 факті бойынша 424,2 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 261 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 21316,5 мың тенге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (95%). Сондай-ақ, 3  тұлғаларға қатысты салынған 477,225 мың теңге айыппұлдардың өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 3 тұлғаға қатысты салынған 609,787 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар.

Сондай-ақ 2016 жылдың 1- жартыжылдығында, 2014 жылы салынған айыппұлдың 440,96 мың теңгесі (5 тұлға),2015 жылы салынған айыппұлдың 2514,28 мың теңгесі (19 тұлға) мемлекет меншігіне өндірілді.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

2016 жылдың I-тоқсаны бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 1-тоқсанында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 42, оның ішінде жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 21, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 21. (Заңды тұлғалар – 11, жеке тұлға – 23, дара кәсіпкер -8)

Тексерулермен барлығы 5637,95 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 347,81 гектар жер учаскелерінде 44 субъекті тарапынан 48 заң бұзушылық фактілері анықталды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 11 фактісі бойынша 1432,125 мың теңге көлемінде айыппұл,  12 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 21 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 25 нұсқамалар берілді.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 9 факті бойынша 1007,925 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 1 факті бойынша 212,1 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде 6 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған айыппұлдар (541,125 мың теңге) өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (38%). Сондай-ақ, 4  тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдардың (678,9 мың теңге) өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 1 тұлғаға қатысты салынған 212,1 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар. 

05.04.2016 жыл.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының III-тоқсан бойынша аналитикалық есебі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2015 жылдың 9 айында жер заңдылықтарының сақталуына барлығы 373 тексерулер жүргізілді.          

Жүргізілген тексерулердің 303 жоспардан тыс және 70 бақылаудың өзге нысандарында жүргізілді. (Оның ішінде: заңды тұлға – 46  жеке тұлғалар – 217, жеке кәсіпкер - 110). Тексерумен 43967,0214 гектар жер учаскелері қамтылды.

Тексеру нәтижелерімен көлемі 6885,2027 гектар жер учаскелерінде 167 субъекті тарапынан 216 заң бұзушылық фактілері анықталды.

Орын алған құқық бұзушылықтардың 137 факті бойынша 23630,395 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 78 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шараға тартылды, ал 40 факті бойынша заңды тұлға – «ҚОР мұнай компаниясы» АҚ-ы кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылған.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының I-тоқсан бойынша аналитикалық есебі

2015 жылдың І-тоқсанында Басқармамен облыс аумағында көлемі 2183,56 гектар жерлерді құрайтын, барлығы 12 жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандары түрінде 37 шара жүргізілген.

Бақылау жүргізу нәтижесімен 51 заң бұзушылық факті анықталған.

Нақтыласақ, тексерумен 9 тұлға тарапынан 14 (көлемі 2056,6 гектар жер учаскесі) заң бұзушылық фактілері анықталса,оның: 5-уі мемлекеттік жер учаскесін заңсыз иелену; 3-уі уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау, 3-уі уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау; 2-уі жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау және 1-уі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi пайдаланбау.

Анықталған фактілер бойынша 11 заң бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес 5 658 610 теңге көлемінде айыппұл және 1 заң бұзушылық бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 2 заң бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою жөнінде нұсқама берілді.

Бақылаудың өзге де нысандары бойынша Басқармамен 32 тұлғаға 37 жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде (көлемі 12,06 гектар) 37 нұсқама берілген.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 12-01-2018 18:36

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика