Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы

 

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау

басқармасының басшысы

 

Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 5 қазандағы №117-ө өкімімен тағайындалды.

 

 

 

 

Қабылдау кестесі

Сұрақ қою

 

   

Функционалдық міндеттері

 

Өмірбаяны

Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес, облыс әкімінің 2015 жылғы 5 қазандағы №117-ө өкімімен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы  лауазымына тағайындалды.

Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы 1967 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 

1993 жылы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлер институтын инженер-мелиоратор мамандығы, 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін жерді үйлестіру және жер кадастры бойынша инженер, 2012 жылы «Болашақ» Университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993-2003 жылдары «Казгипрозем» институтының Қызылорда филиалында инженер-жерге орналастырушы, І-ІІ жерге орналастырушы инженер, бөлім бастығының орынбасары болып қызмет атқарған, 2003-2004 жылдары Қармақшы ауданының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, 2004-2009 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары (ауыл шаруашылығы және экономика саласы), 2009-2011 жылдары Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының «Қызылордаагросервис» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2011-2012 жылдары Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары  Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, 2014-2015 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Отбасылы.

 

 

Құрылған күні: 18-05-2015 13:59
Жаңартылған күні: 10-12-2015 10:26

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика