«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ; Жүктеу...35 КБ

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы

Талдамалық анықтама

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы №23-Н бұйрығының негізінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің (Бұдан әрі - Бөлімше) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдаумен Бөлімшенің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қамтылды.

Бөлімше мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарын сақтауын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Бөлімшенің басшысы - мемлекеттік инспектор Тілеуов Мұхамбетжан Әнуарұлы.

Бөлімше өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, Басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыстар мынадай бағыттарда жүргізілді:

I. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. Бөлімшенің функциялары мен міндеттерін, құзыреттерін анықтайтын нормативтік актілер заңдардың тізілімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

4. "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

6. "Жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 784 бұйрығы;

7. "Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығы;

8. "Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау

басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №565 қаулысы.

         1.2.  Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерінің болуы (дискрециялық өкілеттік пен нормалар)

         1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде (бұдан әрі - Кодекс)  жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ұғымы көзделгенімен, оны анықтау тәртібі және анықтауды жүзеге асыратын орган айқындалмаған.

         Бұл өз кезегінде, жерлерді өз бетінше иеленіп алуды дер кезінде анықтап, қажетті шараларды атқаруға кері әсерін тигізері сөзсіз.

         2) Кодекстің 94-бабының 2-тармағының екінші және үшінші абзацында, жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзім - бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде - жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленген.

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттілігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады - делінген.

         Кодекстің 92 (Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою) және 93-баптарында (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою) жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайлар атап көрсетілген.

         Осы тұста, мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқама,жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік тіркелу мәселесі айқындалмаған.

         II. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

         1) Бекітілген құрылымға сәйкес Бөлімшенің штаттың саны - 6-ды, оның: 1-уі бөлім басшысы, 5-уі бас маманды құрайды.

         Есепті мерзімде 1 бас маман-мемлекеттік инспектор бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жарияланып, Т.Тайбағаров қабылданды.

         2) Бөлімшемен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді және рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.

         3) Бөлімшенің бақылау функцияларын іске асыруына талдау жасаумен төмендегілер анықталды.

         Бөлімше жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

          Осы ретте, Кодекстің 92 (Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою) және 93-баптарында (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою) жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайлар атап көрсетілген.

         Өз кезегінде, анықталған заң бұзуылықтарға қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, әкімшілік істерді қарайды.  

         Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелері.

         2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Бөлімшенің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін жауапкершілікке тартылмаған.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою мақсатында ұсынымыз:

         1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетіне Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде (бұдан әрі - Кодекс)  жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ұғымы көзделгенімен, оны анықтау тәртібі және анықтауды жүзеге асыратын органды айқындайтын органды белгілеу жөнінде нормамен толықтыру жөнінде ұсыныс беру.

         2. Бөлімше қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып отыруды үйлестіру.

         Қорытынды:

         Жоғарыда аталған ұсыныстардың орындалуы мен кемшіліктерді жою туралы ақпаратты 2018 жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде Басқарма басшысына ұсыну.

_______________ Қ. Серікбаев

_______________ Р. Шайхиев

______________ С. Умирзаков

Келісілді

Жерді пайдалану мен қорғауды

мемлекеттік бақылау бөлімінің

басшысы -мемлекеттік инспектор

________________ М. Тілеуов

Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «17» шілдедегі №1171 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда

1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,

20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің

сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша

20 қаңтар мен

20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.

"БЕКІТІЛДІ"

Қызылорда облысының

жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын бақылау

басқармасының басшысы-

Бас мемлекеттік инспектор

____________ Қ.Тоғызбаев

" 10 " тамыз 2018 жыл

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру

бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

1

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;

2) жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

"ҚО ӘА" ММ-не

ұсыныстар енгізу

Барлық бөлім

2019 жылдың

2-тоқсаны

2

лауазымды тұлғаға:

1) қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан  шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ, заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізу

"МҚІСЖҚІҚОД" РММ мекемесіне ұсыныс енгізу

Барлық бөлім

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

3

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысыжәне шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтардың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

"МҚІСЖҚІҚОД" РММ мекемесіне ұсыныс енгізу

Әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімі

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

4

Арнайы мониторингтік топтың Қазақстан Республикасының               2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізілуі барысында қажетті шаралар атқару

сыртқы талдау жүргізілуі барысында қажетті шаралар атқару

Әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімі

жыл сайын, жылдың қорытындысымен 15 ақпаннан кешіктірмей

5

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

Әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімі

жарты жылда бір рет, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін "МҚІСЖҚІҚОД" РММ мекемесіне ұсыну

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"ҚО ӘА" ММ

-

"Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

"МҚІСЖҚІҚОД" РММ

-

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық

мемлекеттік мекемесі.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2019 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті өз деңгейінде жүргізу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктеріне қатысты мекеменің Ережесіне толықтыру енгізіліп, бұл бағытта басшылардың жауапкершіліктері күшейтілді.

Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жер және өзге де заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ құзырлы органдармен жүргізілген тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер аудандық (қалалық) деңгейде орын алмас үшін үнемі қала (аудандар) әкімдіктеріне түсіндірмелер мен ақпараттық мәліметтер ретінде беріліп отыр.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2019 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.

Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2019 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Басқарма бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру семинарлары өткізілді. 
Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).
Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер жүйелі түрде сұраныс жолданып, нәтижесімен ай сайын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ақпарат жолданады. 
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді. 

Басқармада 2019 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. 

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылуда. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. 
Басқарма бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру семинарлары өткізілді. 
Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).
Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер жүйелі түрде сұраныс жолданып, нәтижесімен ай сайын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ақпарат жолданады. 
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді. 
Басқармада 2018 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. 

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті өз деңгейінде жүргізу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктеріне қатысты мекеменің Ережесіне толықтыру енгізіліп, бұл бағытта басшылардың жауапкершіліктері күшейтілді.

Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жер және өзге де заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ құзырлы органдармен жүргізілген тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер аудандық (қалалық) деңгейде орын алмас үшін үнемі қала (аудандар) әкімдіктеріне түсіндірмелер мен ақпараттық мәліметтер ретінде беріліп отыр.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2018 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.

Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2018 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті өз деңгейінде жүргізу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктеріне қатысты мекеменің Ережесіне толықтыру енгізіліп, бұл бағытта басшылардың жауапкершіліктері күшейтілді.

Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді. 

Билік пен қоғам өкілдерінің арасында конструктивтік ой-пікірлер алмасу мақсатында жыл сайын «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік сатып алу саласы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел, кеңестер мен құқықтық оқулар өткізілуде.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті өз деңгейінде жүргізу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктеріне қатысты мекеменің Ережесіне толықтыру енгізіліп, бұл бағытта басшылардың жауапкершіліктері күшейтілді.

Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жер және өзге де заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ құзырлы органдармен жүргізілген тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер аудандық (қалалық) деңгейде орын алмас үшін үнемі қала (аудандар) әкімдіктеріне түсіндірмелер мен ақпараттық мәліметтер ретінде беріліп отыр.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2017 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 2017 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.

Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2017 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті өз деңгейінде жүргізу мақсатында бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктеріне қатысты мекеменің Ережесіне толықтыру енгізіліп, бұл бағытта басшылардың жауапкершіліктері күшейтілді.

Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді. 

Билік пен қоғам өкілдерінің арасында конструктивтік ой-пікірлер алмасу мақсатында жыл сайын «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік сатып алу саласы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел, кеңестер мен құқықтық оқулар өткізілуде.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп ауылдық округтер мен кенттер деңгейіндегі әкімдердің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында жер саласы бойынша жемқорлыққа қарсы форум   ұйымдастырылып, ауыл әкімдерімен тікелей сұрақ-жауап қою арқылы өзара тиімді пікір алмасу өткізілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жер және өзге де заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ құзырлы органдармен жүргізілген тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер аудандық (қалалық) деңгейде орын алмас үшін үнемі қала (аудандар) әкімдіктеріне түсіндірмелер мен ақпараттық мәліметтер ретінде беріліп отыр.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016 жылдың

4 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.

Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016 жылдың

3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

2016 жылдың І және ІІ тоқсанына арналған құқықтық оқу жоспарына сәйкес жаңадан қолданысқа енгізілген заңдар бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» №13 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау белгіленген. Осыған орай басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» арнайы тарауы ашылған.

Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарынан үзінділермен және Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша түрде таныстырылды.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016 жылдың I жартыжылдығында

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алу мен жою шараларын қабылдау мақсатында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, Басқармының сенім телефондары және басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау кестесі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Сондай-ақ,  Басқарма тарапынан 2016 жылдың I-жартыжылдығында сыбайлас - жемқорлық фактілері орын алмаған.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының

 2015 жылдың 4-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді тағайындаулар кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады.

Есепті мерзім ішінде қызметкерлердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер кеңінен таныстырылды.

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 07-10-2019 10:30

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика